Түтін сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Суық түннен тұрмақшы,
Таңда бақты тоңдырмақ.
Жас алманы ұрмақшы,
Жас өмірді солдырмақ.
Отын тасып арқалап,
Ана тынбай күтінді.
Алма ағашын қалқалап,
Салды түнде түтінді.
Суық әбден сорлады,
Ағашқа жол таба алмай.
Алмаларды қорғады,
Түтін бейне қамалдай.
Өзі де еріп барады,
Суық со бір түтіннен.
Таң алдында тарады,
Ақ түбіттей түтілген.
Гүл сәулесін себелеп,
Аздан кейін күн шықты.
Желпиді бір көбелек
Жел боп шайқап бүршікті.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Түтін, Тутин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016