Түске кірер баянтау сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Аттарыңды тауып қойған,
Қызыл шілік, Қыз шіліктер,
Көп күн жүрген салып сайран
Қаласыңдар қыз-жігіттер.
Көп ұзамай жауар енді,
Күз жаңбыры қар аралас.
Жапырақтар жабар көлді,
Тұрар жаурап тау жалаңаш.
Түске кірер Баянтауы
Найза тасты ақжал құздар.
Жаз құшағын жаяр тағы —
Қызыл арша,
ақ жалбыздар.
Арқамыздан жел сабалап,
Мен қарындас,
сен ағалап,
Құшақтап ерке толқындарды
Жүгіреміз көл жағалап.
Кездесерміз жігіттерге,
Жүрген жері — сауық-сайран.
Кіреміз Қыз шіліктерге
Ел есімін тауып қойған.
Жайылар жаз исі ұрланып,
Ақбет таудың адырынан.
Алармыз дем құшырланып
Жас аршаның қабығынан.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Түске кірер баянтау, Туске кирер баянтау сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016