Түркімен кілемі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Бұлақтармен жаңғырып,
Қиқулаған құз у-шу.
Ойнайды көз талдырып,
Қызғалдақ гүл, қызыл су.
Күннің жерге асылған
Күміс найза кірпігі.
Құндағынан ашылған
Мақтаның ақ бүртігі.
Жаңа жолды су сызып,
Барады құм үстінен.
Соның бәрін сыйғызып,
Тұр ілулі тұс кілем.
Құм адырлар құрсаған
Теңіз суы, жартасы.
Түскен түгел бір соған
Түркіменнің картасы.
Таң қалдырған баршаны,
Көрдім сонда өнерді.
Жіпке жүйрік саусағы
Түркімен қызы Жеренді.
Дейді:— Айналып келіңіз,
Ешбір бояу қосылмай.
Ертеңгі күн жеріміз,
Болады дәл осындай.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Түркімен кілемі, Туркимен килеми сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016