Тұр екен ғой теректер... сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Біз келеміз көз ілмей,
Көрінбейді жол шеті.
Жарық айдың көзіндей
Жарқырайды көл беті.
Сары ала тон, салқын күз
Гуілдейді жел есіп.
Машинада отырмыз
Жолаушылар кеңесіп.
Таң арайы бұқтырды,
Түн жөнелді дөң асып.
Орман бізге тік тұрды
Ортасынан жол ашып.
Жас келіншек жыл жүріп
Келе жатқан оқудан,
Қозғалды алға ұмтылып
Орынынан отырған.
–Тұр екен ғой теректер
Тұр екен ғой жамырап.—
Деді де жас келіншек
Күлді жүзі жадырап.
–Өткен шығар теректе
Талай жастық жазың — деп,
Қойды біздің жігіттер
Келіншекті әзілдеп.
Жас келіншек кідірді,
Ой жіберіп өткенге.
–Бұл теректер егілді Сонау жылы көктемде.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Тұр екен ғой теректер..., Тур екен гой теректер... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016