Тұлпар сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Көп ай бойы дағдыланған,
Қан жорыққа тұлпарым.
Кесе келген қарғып жалдан,
Шықты үстіне қырқаның.
Қара жолға қан төгіліп,
Күреңденіп қалды із.
Жалт бұрылып, жау шегініп,
Жатты ашық алдымыз.
Шіркін, тұлпар көсіле алман,
Тұрып еді байлауда.
Бүгін тұңғыш ерік тиіп,
Шыққандай бір сайранға.
Туды еркін шат күндері,
Қонды жеңіс құсы кеп.
Құйындатып тартты ілгері,
Желге қарап кісінеп.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Тұлпар, Тулпар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016