Туған жерді ойласам сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


I
Туған жерге бара алмаймын жасқанып,
Ажал менсіз қанша жанды қашты алып.
Жеңгелерім өлген жарын жоқтаса,
Қорқам көзден кетеді-ау деп жас тамып.
Қолды созбай қысылшаңда бауырға,
Неге сол кез болмағанмын ауылда.
Ажал шіркін, сала алмастай құрығын
Егер өзім тұрсам оның жанында.
II
Туған жерге оралуға асығам,
Жүр қаншама мен көрмеген жас ұлан.
Мен олардың сүйіп қара көздерін,
Мен олардың сипағам жоқ шашынан.
Туғанда олар болмағанмын неге мен,
Айдар тағып, атын қойып берер ем.
Менсіз шілдеханаларда айтылмай
Төрде тұнып қалғандай-ақ көп өлең.
III
Қайғысынан жалтарғанмен жасқанып,
Туған жерге барам жүрмей бас бағып,
Тек барғанда демімнен от шалқымай
Тек көзімнен кетпесе екен жас тамып.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Туған жерді ойласам, Туган жерди ойласам сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016