Туған жер сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Торғай бойы, Тосын жері
Бұйра құмның бөктері.
Жаз самалы жан тербетті
Қандай әсем көктемі.
Биік шыңның бауырында
Бұйра толқын бал бұлақ.
Бүгін мені қарсы алғандай
Ағып жатыр сылдырап.
Құрбылармен әзілдесіп,
Ойнап-күліп күн ұзын.
Көк шалғында көтеремін
Сырлы аяқтың қымызын.
О, достарым, туған жердің
Жүзі ыстық керемет.
Тұр ма әлде тас төбемнен
Ғажайып нұр себелеп.
1945
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Туған жер, Туган жер сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016