Туған ел сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Туған ел, өскен жер,
Ыстықсың жаныма.
Күн нұры, жаз лебі
Тараған қаныма.
Тамаша тарихтың
Бәріне куәсің.
Ерліктің, даңқтың
Сақтадың мұрасын.
Ғажайып ертегі,
Ертеңгі күндерің.
Арқаң ғой өзіңнің,
Алшаңдап жүргенім.
1946
* * *
Дауысы күзгі күннің күркіріндей,
Аршындап алған беттен бір мүдірмей.
Барады егін орып комбайндар,
Сүңгіген көк теңізге сүңгуірдей.
Тынбайды қызу еңбек түніменен,
Секілді тау өзені гүрілдеген.
Ортада жалтыраған қызыл қырман,
Үстінде ай сәулесі дірілдеген.
1946
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Туған ел, Туган ел сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016