Орманнан
Түбірлер.
Айрылған
Аяқ-қолдардан
Түбірлер.
Мүгедек солдат секілді
Түбірлер.
Оқ жұлғандай етімді,
Жүрегім тулап дүбірлер,
Кезеріп ерінім күбірлер.
«Соғыс не?!
Менен біліңдер», -
Деп тұрғандай түбірлер. Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Түбір, Тубир сөзі, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store