Төбемізден түсіп жатты алмалар сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Мирмухсинға)
Оңтүстікте әр үйде атыз-арна бар,
Солтүстікте көрмегендер таңданар.
Дос үйінің ауласында отырдық.
Төбемізден түсіп жатты алмалар.
Атқан таңнан алған алғаш от ұрлап,
Төбемізден түсті алмалар топырлап.
Сенің бақшаң алуан гүлге бөленген
Шығыс жайлы дастан содан оқылмақ.
Қызыл гүлің — жаңа жайнап шыққан күн
Көк гүлдерің көк түсіндей бұлттардың.
Албыраған екі бетің анардай
Сенен бұрын Анар сырын ұққан кім?
Әр нәрсеге жүгірмесін бекер ой,
Гүл бақшаңда жырла,досым, кетер бой.
Енді білдім, піссе өлең кеудеде
Сол алмадай өзі түседі екен ғой.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Төбемізден түсіп жатты алмалар, Тобемизден тусип жатты алмалар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016