Теңізде сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Айналамыз асқар тау,
Қарайды төніп көктен күз,
Алқаракөк бір асау
Алдымызда Көк теңіз.
Ортада оқшау шың жартас,
Шық моншақтап тер жапқан.
Асуынан жол бермей,
Аспанның бұлтын кері атқан.
Алысып көк толқынмен,
Астымызда кемеміз.
Сол шыңдай қарап әлемге.
Теңізді жарып келеміз.
1943
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Теңізде, Тенизде сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016