Тау үстінен қарасаң сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Таңертең
Таудан қарасаң,
Қаланың үсті
Қара шаң.
Қара көлдей тұнып жатқан,
Қара дөңдей сұлық жатқан.
Сол тымырсық қапырықта
Еркін бойын жаза алар кім?
Шіркін, жел бір сапырып қап,
Ашса жолын таза ауаның:
Ерекше бір сый-құрметтей,
Болар еді жанға тыным.
Тұрар еді күні кетпей
Күн қаласы Алматының.
Тұрар еді терезелер
Сәулелерден перде тұтып.
Жан сарайы жайнар еді,
Жас ауаны кеуде жұтып...
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Тау үстінен қарасаң, Тау устинен карасан сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016