Тарбағатай түтіні сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жалаң аяқ жарысқан
Айналаның тал бәрі,
Айдалада арыстан —
Тарбағатай таулары.
Жаңа ғана шудасын
Жаңбыр жуып өткендей.
Жаңа ғана шың басын
Самал тарап күткендей.
Көк жиекпен ұштасқан,
Көз жеткісіз аумағы,
Алтаймен қол ұстасқан
Тарбағатай таулары.
Таулар жатыр салқындап,
Бұлтқа тосып арқасын.
Бүркіт қана саңқылдап,
Оятады жартасын.
Ақ қайыңдар жас нұрға,
Жас ауаға шомылған,
Жалпақ аспан астында
Көз алмайды жолыңнан.
Шөккен нардай бітімі,
Ар жағынан адырдың.
Көрінеді түтіні
Аз ұйқылы ауылдың.
Сол түтіннен бір қырда
Қалған күнді танисың,
Әкеледі мұрныңа,
Жаңа піскен нан исін.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Тарбағатай түтіні, Тарбагатай тутини сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016