Таңғы тыныштық сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Мөлдіреп тұнып ауа таңғы уақыт,
Дүние демін алып қалды жатып.
Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға
Көз ілді ұйқы жеңіп балбыратып.
Киіктің тұяқтары дұрсілдемей,
Қалғыды ұясында құс үндемей.
Алаңсыз табиғатты отырғызып
Тыныштық суретке түсіргендей.
Аялап таңның осы тыныштығын,
Таратып көкжиекке нұр ұшқынын,
Келеді алтын сағат көтеріліп,
Бастауға кең әлемнің жұмыс күнін.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Таңғы тыныштық, Тангы тыныштык сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016