Талдықорған сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Құшаққа байтақ даланы ап,
Өзенді, тауды, орманды.
Екі күн бойы аралап,
Келеміз Талдықорғанды.
Көрдік ғажап жандарды,
Ұқтық нелер күй қызық,
Тұрғандай сол тауларды
Көңіліңе сыйғызып.
Ұшар басы мұнартқан
Таулары бар Шажадай,
Өзенімен бір аққан
Электр боп нажағай.
Қорғасын тау жері өңшең,
Мұнда талды орман көп.
Қойған атын мен білсем,
Содан Талдықорған деп.
* * *
Жас қайыңда жапырақ
Күзде тоңса қалтырап,
Десең қуат, әл алсын,
Жылуын бер жаныңның
Өйткені, сен адамсың.
Көрмей сая көлеңке,
Жатқан сусап шөл өлке,
Десең көктеп, жанарсың,
Жылуын бер жаныңның
Өйткені, сен адамсың!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Талдықорған, Талдыкорган сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016