Сырға наз сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жағаңда таппай жаны ұя,
Жәбірді ел сенен көп көрді.
Сыңарың Амудария
Жіберді жұтып Төрткөлді.
Атың бір болды жария
Алтынға сені баладық.
Жырладық сұрғылт дария,
Жатыр деп сенен бал ағып.
Құмдарды кейде сапырдың,
Қабағыңнан тас жауып,
Арнаңнан шығып атылдың,
Ауылды жұттың бас салып.
Сарайды саздай иледің,
Келмедің әсте тобаңа.
Үйірдің жұрттың үйлерін,
Мал-мүлкін салып додаға.
Ашыла берді араның:
«Бәрі де маған керек» деп.
Мазасын алдың даланың,
Делқұлыдай дедектеп.
Асыр салған көктемде,
Еркелігің жетті елге.
Мен тұрмын саған наз айтып,
Жалбарыну жоқ менде.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сырға наз, Сырга наз сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016