Сурия сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жиегінде толқып талы,
Шуылдайды ұлып іші.
Сурия өзен Волховтағы
Назияның сіңлісі.
Көк төсінен ақық жұлдыз
Түскен бір кез домаланып.
Жағасында жатыр бір қыз
Сол жұлдызды қадап алып.
Солтүстіктің бір гүлі еді
Ерте батқан күні ұяға.
Атын оның кім біледі,
Назия ма, Сурия ма!
Тастай шөккен қайта тұрмай,
Жанын қиып ел кегі үшін, -
Сол қыз жайлы айтатындай
Сурия өзен ертегісін.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сурия, Сурия сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

03.09.2016