Сұлтанмахмұт қабірінде сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Көкірегіңді шер көміп,
Өлең болып өртеніп,
Жиырма жеті жасында
Кеттің, сабаз, ерте өліп.
Өртенген ай шоғындай,
Бір суынып, бір қызып,
Жаздағы жай оғындай
Өттің көкті бір сызып.
Көкірегіңде кек-намыс,
Салған жара қара түн,
Көрінді де кетті алыс
Күнге жайған қанатың.
Жастай өліп кетсең де,
Дейді шулап — ол тірі.
Жүгірген жел тепсең де.
Торыайғырдың толқыны.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сұлтанмахмұт қабірінде, Султанмахмут кабиринде сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016