Омырауын аш толқынға ашты аппақ.
Көлеңкесі таңбаланып тасқа қап,
Мұнара боп тұрып қалды асқақтап.
Күн болғанша бақытыңды жоғалтып,
Дұшпаныңды сүйгенінше қол артып,
Өр қырандай құз шыңырау түбіне
Өзіңді-өзің лақтырғаның көп артық.
***
Көл бетіне қарай-қарай
Өзім көлге айналдым.
Жер бетіне қарай-қарай
Өзім жерге айналдым.
Көл секілді күңіремсем деп,
Жерден дауыл сұрадым.
Жер секілді гүл өңсе деп,
Көктен жауын сұрадым.
Жалбыр-жалбыр орман бойлап,
Келесің сен сыр ұрлап.
Тальян гармонь қолында ойнап
Төгіледі ән сыңғырлап.
Тебірентесін , тербетесің
Ұйықтап жатқан жер төсін.
Жауындатып, желдетесің
Мұңды бір күй шертесің.
Басымайсың жалындатпай,
Пернелерді мың басып.
Ғалиябану жарын таппай
Сенімен жүр мұңдасып.
Жалбыр-жалбыр орман бойлап,
Келесің сен сыр ұрлап.
Тальян гармонь қолында ойнап,
Төгіледі ән сыңғырлап. Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сүйімбике мұнарасы, Суйимбике мунарасы сөзі, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store