Сталинград сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Айнала жау анталаған,
От ішінде тұрды қала.
Дүние үмітін арқалаған,
Секілді еді бір мұнара.
Көшелердің жалтыр тасын,
Жапты жалын қанатымен.
Зеңбіректер атты жасын,
Қаптатып сел қара түннен.
Сол қалада сол бір күнде,
Таянышын тапты өмір.
Араласып зор дүбірге,
Айбатшеге ақты Еділ.
Ашып тастап от құшағын,
Келгенінде жау жалақтап.
Адамзаттың болашағын
Сол бір қала қалды сақтап.
1949
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сталинград, Сталинград сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016