Спандияр көбеевтің үйінде сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Хақымыз жоқ секілді,
Ақсуатты аттауға.
— Көзге ілсін бе кемпірді, Түсетұғын қарт бар ма?—
Деп соғары ол анық,
Кәрі шеше естісе.
Үйге кірдік қол алып,
Күн еңкейіп, кеш түсе.
Теңбіл-теңбіл Алакөл,
Терезенің тұсында.
Түсті еске тағы да ол,
Құмар еді құсына.
—Қалдым шалдан айрылып, Көндім салған әрнеге...
Мен отырмын қаймығып,
Қарап қойып Сәбеңе.
Дейді Сәбең ақырын:
—Арман бар ма шалында. Жылай берме, жарқыным, Ұл-қыздарың алдыңда.
Жан күйігі бек қатты,
Жылама деу обал-ақ.
Барлық жасты тоқтатты,
Соңғы тамшы домалап...
Қайтайық деп желпініп,
Шықтық бір кез далаға.
Жатты Алакөл тұнып,
Жүрдік таза ауада.
Тірлігінде суарып,
Қызыл гүлдей ол еккен.
Шыға келді шұбалып,
Бір топ бала мектептен.
Өмірлері көктемдей,
Ой-өрісі кеңейіп.
Қатар түзеп өткендей,
Көбеевтер көбейіп.
1957
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Спандияр көбеевтің үйінде, Спандияр кобеевтин уйинде сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016