Созақ сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Созақ, сенен алыс кетіп барамын,
Сенен алдым таудың әнін, дала әнін.
Аман болсын жігіттері Таманың,
Аманболсын жас қыздары Таманың.
Аман болсықтаудан аққан бұлақтар,
Бұйра қозы, бөртең жүнді лақтар.
Амаң болсып жайлауда еркін жайылған
Жалбыр жалды, күпшек санды құр аттар.
Дастарқанын даладай кең жая алған,
Келдім саған мен көршілес Шаяннан.
Жігіттерің болсын Қозы Көрпештей,
Ал, қыздарың айнымасын Баяннан.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Созақ, Созак сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016