Сөнбейтін жыр сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Баяғыдай күн шашқан күмістерді,
Баяғыдай сырласқан шығыс желі.
Бірақ көзге түспейді тағы да бір
Өлең соққан заводтың жұмыскері.
Жүрмеді ол жайына жанын бағып,
Түсті майдан күреске дабыл қағып.
Жатыр ұйықтап жорықтан оралғандай
Туған аспан астында дамыл алып.
Қарауытып қабағы жағалай жар,
Күрсінеді алыста ағады Айдар.
Комиссарын күзеткен солдаттардай
Жас қабырды қоршайды қарағайлар.
Жылдар ұшып жалында арғымақтың,
Өзгергенмен өмірде бәрі заттың.
Өлең қалар өзгермей өз күйінде,
Кеудесінде күмбірлеп табиғаттың.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сөнбейтін жыр, Сонбейтин жыр сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016