Сонау алыс карелия сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Сонау алыс Карелия
Ну ормандар бұйра бұлттай,
Талай жылдар тербеп жанды
Қоймадыңдар күйді ағытпай.
Құлап сызды топыраққа,
Жатыр сонда ағай біздің,
Жапты талай жапырақтар,
Тамды жасы талай күздің.
Қос қанатын жайып теріс,
Жүгірді жел жағалай жар.
Көмді жуып, шайып теңіз,
Шулады жас қарағайлар.
Тартты жылап мұнарлы көк,
Жанып өлген жан азасын.
Шағалалар шығарды тек
Көкте шулап жаназасын.
Төрімде тұр оның өзі,
Көңілімде ескірген жоқ.
Өкініші — соңғы сөзі
Еш адамға естілген жоқ.
Ауа, күнге жаппай құмар,
Болатын-ды ол өмірде.
Айтыңдаршы, ақ қайыңдар,
Не деді ол өлерінде.
Сонау алыс Карелия,
Ну ормандар, көк толқындар,
Не деп ағай кетті, айтыңдар,
Ну ормандар, көк толқындар.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сонау алыс карелия, Сонау алыс карелия сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016