Сөйлеп еді жүрегім сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Бұлбұл қанат
Көк тоғайда,
Тұрдық қарап
Көктегі айға.
Көздеріңдей мөлдіреген
Қарақаттар төнді төмен.
Тұрдың үнсіз,
Тұрдың тілсіз,
Құшағында қиялдың.
Бала кезім,
Қара көзің
Қадалғанда ұялдым.
Айтылмай-ақ сөз де бітті,
Айрылатын кез де жетті.
Бала кезім,
Қара көзім,
Кінәладың, білемін.
Бірақ сонда,
Тіл орнына,
Сөйлеп еді
жүрегім.
1953
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сөйлеп еді жүрегім, Сойлеп еди журегим сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016