Соғыс жылы көкшетауда сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қасымда Нұрқан бар еді,
Көкшетау басы қар еді-
Есіме сол күн түседі,
Қылшылдап тұрған қыс еді...
Есілдің бойын жағалап,
Жөнелдік елді аралап.
Соғыс та ол кез бітпеген,
Жылытты жұртты отты өлең.
Қолында Нұрқан домбыра,
Соқты көп өлең желпініп.
Қанатын күйге малды да,
Құлағын түрді ел тұнып.
Сайрады шешен домбыра,
Төгілді мөлдір жыр кәусәр.
Болды ол елдің алдында
Ақан сері, Біржан сал.
Есілді сонда Есілдей,
Өршеленіп Нұрекең.
Ағылып көл-көсірдей,
Жая берді жыр өркен.
Қасымда Нұрқан бар еді,
Көкшетау басы қар еді.
Қылшылдап тұрған қыс еді,
Есіме сол күн түседі.
1957
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Соғыс жылы көкшетауда, Согыс жылы кокшетауда сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016