Соғыс жолы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Соғыс жолы дауылмен,
Оқпен,
отпен теңселген.
Шақырым емес,
адыммен
Соғыс жолы өлшенген.
Адым - ерлік өлшемі,
Адым - өмір кепілі.
Адым - бүкіл жол шегі,
Адым - жеңіс көпірі.
Өтсең соны тік басып,
Жақындайсың ауылға.
Қашсаң содан құт қашып,
Құлағаның қабырға.
Соғыс жолы оң-солда
Жатты от боп жалындап.
Жорық шекті сол жолда
Бүкіл Отан адымдап.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Соғыс жолы, Согыс жолы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

03.09.2016