Сия сауыттың паспорты сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Ә. Тәжібаевтың 50 жасқа толған
мерекесінде оқылған өлең)
Шыңдарын аялаған аспан сүйіп,
Оралдың таулары бар асқан биік.
Жасаған шебер қолдар сол арада
Өзіңе сол сауытты тастан құйып.
Ол жерде фонтан болып ән атылған,
Жер-суы өлең сөзден жаратылған.
Сол жерде Златоуст шеберлері
Оралдың соққан мұны болатынан.
Тербетіп тұнық ойды тереңдегі,
Ақынның толқысын деп өлеңдері.
Сауытты жасап еді Орал таудың
Бүргені тағалаған шеберлері.
Өзіңді дәмеліге санап қойып,
Алдыңа Алатаудай талап қойып.
Салды олар өлең ата суретін,
Жазғын деп ұлы Абайға қарап қойып.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сия сауыттың паспорты, Сия сауыттын паспорты сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016