Бөлісу:


Жерге ырғып түсті де,
Жабысты гүл үстіне.
Жұтып таңғы ауаны
Жан-жағына қарады.
Желмен шашын тарайды,
Қызғалдақтар желбіреп.
Жасқанып шық қарайды,
Жаудыр көзі мөлдіреп.
Барлық көздер қалғыған,
Ерте тұрған тіпті өзі.
Күн шығуын аңдыған,
Жылтырайды шық көзі.
1957
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Шық, Шык сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016