Қызыл шілік, қыз шілік.
Сол шіліктер тіршілік
Бір-бір адам бір шыбық
Баян бойы шіліктер.
Зифа бойлы талдырмаш,
Сол шілікпен тау құрдас.
Сол шіліктер жастықпен,
Жаны бірге тағдырлас.
Баян бойы шіліктер,
Бойын түзеп жасанған,
Шіліктер қыз-жігіттей,
Жылдар көктеп жасарған.
Қартаймайтын үміттей
Баян бойы шіліктер. Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Шіліктер, Шиликтер сөзі, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store