Шевченко жайықта сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жайықта ақын күбірлеп,
Құпия ойға берілді.
Тасыған өзен дүрілдеп,
Днепр боп көрінді.
Көрінді сонда қайран ел,
Өзендей жатқан еңіреп.
Қайысты сонда қара жер,
Қалғыды ауыр төңірек.
Көзіне сонда ұқсады,
Екі өзен бірге аққандай,
Украин,
қазақ құшағы
Айқасып бір жатқандай.
1950
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Шевченко жайықта, Шевченко жайыкта сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016