Севан көлі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Севан көлі —
Жырға жақын,
Севан көлі—
Сильва ақын.
Айнала тау арасында —
Құйылып көз шарасына
Жатыр Севан —
Ақын Севан
Ұқсап бұлттың баласына.
Жатыр Севан
Армянның
Мәңгі арылмас көктеміндей.
Жатыр Севан
Саят Нова
Саздарының шектеріндей.
Жатыр Севан
Жасыл толқын
Қанатымен шашын өріп,
Жатыр Севан
Арараттың
Арманды бір жасы болып.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Севан көлі, Севан коли сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016