Сергей тюленин сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Құлаққа ажал үні келіп,
Әлем-тапырық соғыстың күлі көміп,
Қуарып, гүлі семіп,
Краснодон кетті кенет күңіреніп.
Қаланың қақырады қабырғасы,
Өртенді қарлығашы,
Айналды, тас қамалға Краснодон
Қолына қару алды кәрі-жасы.
Түн. Ел ұйқыдан оянбаған, Таң атуға таяу қалған.
Краснодон үстінде Қызыл ту —
Жанады жел өтінде аяулы арман.
Бір күш бар қас дұшпанды қалтыратқан,
Оны іздеп таба алмайды атыраптан,
Жау жатқан үйге тиді ирелеңдеп,
Жалаңдап жалын тілі жапырақтан.
....Шынықты ол қап-қара дауылда өсіп,
Лапылдаған, шатырлаған жалын кешіп.
Еріне деген елдің махаббаты
Гүл болып желкілдейді қабірде өсіп.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сергей тюленин, Сергей тюленин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016