Сенім сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Хасен Өзденбаевқа)
Көңілім саған мөлдіреген көл тұнық,
Саған төрден орын берсем, жол тұрып,
Әкем түгіл арғы атамның қолынан
Ет асапсың ауызыңды толтырып.
Содан кейін өзімменен көрістің,
Болған емес қабақ шытыс, теріс күн.
Талай қыс пен талай жазды атқарып,
Қайғы менен шаттықты да бөле іштің.
Жүресің сен күнде күліп кеудемде,
Әкемді еске ап сыр шертесің көргенде.
Бір кездерде әкем саған сенген соң,
Хақым да жоқ менің саған сенбеуге.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сенім, Сеним сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016