Сен секілді сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Совет Одағының Батыры Илья Сияновқа)
Бір солдат арқалаған тұр жетімді,
Мен содан көргендеймін келбетіңді.
Сол солдат от ішінде қағып алып,
Көтерген жас сәбиді сен секілді.
Шабуыл күтіп біздің ерлер тұрды,
Берлин от теңізінде тербетілді.
Рейхстаг үстіне алғаш ту қадаған
Сол солдат басқа емес, сен секілді.
Жеңдіріп махаббатқа құдіретіңді,
Апаттан алып қалдың сол жетімді.
Ескерткіш тұғырыңда тұрмасаң да,
Бәрі бір со бір солдат сен секілді.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сен секілді, Сен секилди сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016