Санитарка сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Менімен бір кірпік қақпай,
Түндер бойы көз ілмедің.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің,
Шіркін қандай төзімді едің.
Өрт ішінен алып шықтың,
Қансырап мен жатыр едім.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің
Шіркін қандай батыр едің.
Сен болмасаң жолда қалып,
Жастанар ем бір төбені.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің,
Жаның қандай үлкен еді.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Санитарка, Санитарка сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016