Салават жекпе-жекте сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Көк найзаны қару етіп,
Жекпе-жек деп айқайлаған.
Ажалынан ағып өтіп,
Атын қарсы қайта айдаған.
Жау тағы да ұрандаған,
Ат ойнатып айбары асып.
Көк жанары тұмандаған,
Жалғыз өзі майдан ашып.
Найзағайдай жарқыл қағып,
Атылып топ арасынан.
Ер Салават ар туындай,
Шықты жауға аласұрған.
Ұшты оттар найзалардан,
Жермен-жер бап кетті аттар.
Бұлттан түскен найзағайдай,
Көзден ұшты көп ноқаттар.
Шыр көбелек айналды жер,
Жоқ боп кетті ашық аспан.
Жалғыз қалды майданда ер,
Құлады жау қарсыласқан.
Жаңа ғана заулап аққан,
Түсті жауы аунап аққан.
Қас батыры еркіндіктің,
Келді зауал Салаваттан.
Туды ұстап тұрды қырда,
Жайнап атқан таңдай ұлан.
Оралып жұрт шылбырына,
Сүйеді оның маңдайынан.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Салават жекпе-жекте, Салават жекпе-жекте сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016