Сабыр сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Ұшты оқтар,
Оққа бірақ ұшпадым.
Жанды оттар,
Бірақ жалын құшпадым.
Қызыққа да
Құмартпадым мен тегін.
Күттім оймен
Өмірімнің ертеңін.
Қызбалыққа
Қызып ермей, алқынбай,
Сабырымды
Сақтап қалдым алтындай.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Сабыр, Сабыр сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016