Рудный қаласы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жоқ деген бұл даладан етер үміт,
Темірдің алды тауып мекенін жұрт.
Тобылдың жағасына тұра қалды,
Жас қала күмбездері көтеріліп.
Болмайтын бұл арада тау атаулы,
Орнапты ақша таулар ақ отаулы.
Көтеріп болат қолдар қондырғандай,
Қақ жарып ортасынан Ататауды.
Жарылыс екпінінен дала айналып,
Көк түтін көмкереді маңайды алып.
Тұрады таң секілді қала үстінде,
Жалыннан алыс аспан арайланып.
Тот басып, тас боп қатқан тірлік тұнып,
Темірден бір өзгеше тіл ұқтырып.
Әр күні бұл қаланың балқиды отта,
Алдағы мың күндерді шынықтырып.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Рудный қаласы, Рудный каласы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016