Роза қыздар сөзі

Сырбай Мәуленов

2
1

Бөлісу:


Бұл қалада сонау бір жыл
Роза атты көп еді қыз.
Роза — бұлбұл, Роза — бір гүл,
Деп келетін өлеңіміз.
Әнге бөлеп жаздың түнін,
Көйлектерді киіп түстеп,
Роза қыздар роза гүлін
Жүруші еді сүйіп, иіскеп.
...Роза — әнші, Роза — күйші,
Көз ілеспес оң қолына.
Роза — ғалым, Роза — сыншы,
Қатал өлең жолдарына.
Роза қыздар көп болсайшы,
Роза гүлдей даладағы.
Желмен ұшпай тоқтасайшы,
Сұлулардың орамалы.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Роза қыздар, Роза кыздар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016