Псков жерінде сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Секілденіп Невскийдің қалқаны
Көк ормандар көзді алыстан тартады,
Шіркеулерде әлі күнге сақталған,
Өліктердің сүйегінің сар табы.
Оқтар тескен қарайды тас қамалдар,
Сығалайды содан өткен замандар.
Көз жасындай жерге сіңіп жоқ болған,
Қара түндей тұнжырайды кәрі аңғар.
Жатыр Псков баяғы сол қалпындай,
Ұлы орыстың мәртебелі даңқындай.
Шіркеулердің мұнарасы күн шалған,
Жалтылдайды, жарқырайды алтындай.
Орман, орман айнала көл бар өңір,
Мұнда қайта жалын атқан кәрі өмір.
Жараланған шулайды тек емендер,
Қариялардай күні өткен қам көңіл.
Жолың түсіп бара қалсаң дос егер,
Пушкин жүрген қарсы алады көшелер.
Псков ескі ертегідей көне жер,
Чуд көліндей шежіресін кеше бер.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Псков жерінде, Псков жеринде сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016