Петергоф сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Петергоф.
Фонтандар —
Биікке құстай шарқ ұрған.
Петергоф.
Фонтандар — Кемпірқосақ тартылған.
Фонтан —
Атқан отты сел
Көктемгі аспан бұлтындай.
Фонтан жауған көк нөсер
Күндіз-түні бір тынбай.
Фонтан — моншақ сауылдап,
Гранитке жабысқан.
Фонтан — жерден жалындап,
Ракетадай жаңа ұшқан.
Сол фонтандар ішінде
Самсон батыр тұр бөлек.
Оның қайрат күшіне
Жасай алар кім бөгет?!
Арыстаннан шошымай
Жатыр жұмсап білекті.
Петр бір кез осылай
Жұмарлаған шведті.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Петергоф, Петергоф сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016