Өзен жағасында сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жүзіп өтіп Торғайды
Қорқынышты сезінбей.
Балалар суда ойнайды
Баяғы күнгі өзімдей.
Балақтарын түрініп,
Жапырлай тарап жан-жаққа.
Шегіртке қуып жүгіріп,
Жем іздейді қармаққа.
Балықты қайтса мол алып,
Олжаға батып болар мәз.
Ойқой, шіркін, балалық,
Бұл не деген жомарт жаз!
Тәйірі, оған бәрібір,
Аңызақ күннің қызуы.
Өзенде ойнап әлі жүр,
Өзінде барлық қызығы.
1956
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Өзен жағасында, Озен жагасында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016