Өткел сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жағасында жалаң бас
Жалбыр шашты талдары.
Құмды тілген ақ алмас
Жатыр өткел — Қарғалы.
Көбіктенсе көктемде
Шашып жарға ақ күміс,
Жаз осы бір өткелде
Естілмейді жат дыбыс.
Бастап өмір жолдары,
Асқан шыңым көп менің.
Бірақ осы Қарғалы —
Тұңғыш өткен өткелім.
Өмірімнің бастығы,
Өткелі осы секілді.
Осы арадан бастадым
Асулардан өтуді.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Өткел, Откел сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016