Оралғанда сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Арада өткен күнді есепте,
Көп жыл бойы біз көрмедік.
Көп жыл бойы көрмесек те,
Бұрынғыдан өзгермедік.
Қайта, өткен бұл жылдары
Арта түсті жалынымыз.
Аша алмады арамызды
Боранды қыс, жауынды күз.
Аша алмады арамызды
Жау бомбасы күркіреген;
Қанды дауыл қара үзді,
Қайтаоралдым күлкіменен.
Бұл жылдары шамалады
Сын үстінде әркім өзін.
Қатал едім майдандарда,
Қайта оралды бал мінезім.
Аңсадың ғой, білем мені,
Алыс жүрген кездерімде.
Жасырсаңда, сағынышың
Жазулы тұр көздеріңде.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Оралғанда, Оралганда сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016