Орал орманы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Ажал төніп анталап,
Аспанды бұлт торлады.
Аттандық біз батысқа
Қалды Орал орманы.
Қалды орыстың жас қызы
Орамалы желпілдеп.
Өзеніндей Исеттің
Қөзде жасы мөлтілдеп.
Аттандық біз батысқа
Аялдамай аптығып.
Қас қарайып, күн батып
Айналаны жапты ымырт.
Буырқана түйілдік
Бұзылды жау қорғаны.
Болды солдат сапында
Байтақ Орал орманы.
1943
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Орал орманы, Орал орманы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016