Оңтүстік аспаны астында сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


«Сырыағаш» курорты
Сарыағаштың атын ақтар
Жоқ самсаған сары ағаштар.
Әлі сәби жапырақтар,
Әлі мұнда жаланаш тал.
Құмтөбелер жапырайған,
Жатыр түзде тау себі жоқ.
Шаңқай түсте шақырайған,
Қалайы күн қан-сөлі жоқ.
Сырқатына сол күн дәрі,
Тер боп сені басады үстен.
Сыңсиды өзен толқындары.
Бір кездері Асан ішкен...
Жұлады ыстық, суығыңды,
Сары құмдар, сары белдер.
Сарыағаштың суы, күні —
Сапта тұрған дәрігерлер.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Оңтүстік аспаны астында, Онтустик аспаны астында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016