Өлеңті сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Өлеңті шымырлап ағады жай,
Құймайды теңіздерге.
Абайдың «Сегізаяғындай»
Тарайды сегіз көлге.
Жайқалады кемерде
Жас талдар жаудыраған.
Қалқиды тереңде
Тұңғиық жапырақтар жалбыраған.
Арнасын бұруға,
Жетпейді жел еркі.
Теңге таққан бұрымға,
Ұқсайды сұлуға
Қара көз Өлеңті.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Өлеңті, Оленти сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016