Өлең жазар алдында сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Әбділдаға)
Жар астында — төменде
Сылдырап ағып Сыр жатты.
Айналмай әлі өлеңге.
Көңілде күй боп жыр жатты.
Кеудені кернеп бір сезім,
Ыңылдай берді ақын жан.
Білемін өлең мінезін
Ұйтқытып ойды сапырған.
Дария жатты долданған,
Көбігін атып бұршақтап.
Тұрғандай болды ол маған,
Дүниені бүкіл құшақтап.
1955
* * *
Жастығым сені жоғалттым,
Қалың орман ішінде.
Жүзіндей сом болаттың
Жарқ етесің түсімде.
Бұрынғыша екеуміз,
Орман кезіп кетеміз.
Тал бүршігін сындырып,
Шапқылаймыз жүгіріп.
Сен кетесің шарқ ұрып,
Мен қаламын алқынып.
Жастығым сені жоғалттым,
Дарияның төсінде.
Жүзіндей сом болаттың
Жарқ етесің түсімде.
Бұрынғыша екеуміз
Сыр жағалап кетеміз.
Су тамаша, су қызық —
Шалқалаймыз бір жүзіп.
Сен кетесің алыстап,
Мен қаламын тал ұстап.
1955
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Өлең жазар алдында, Олен жазар алдында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016