Оқжетпестің түбінде сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Ғаббас Жұмабаевқа)
Түбіне Оқжетпестің бір түнедім,
Көз жасым жаңбыр болып жыр тіледім
Күмбірлеп көкірегімде керемет күй
Аспандай аласұрып күркіредім.
Бұлт төнген төбесінен баспалатып,
Томсарып тұра қалған тастар қатып.
Арасын жер мен көктің жалғастырып,
Жіберді алтын найза аспан атып.
Көктастар көлге шөгіп мұнарланған,
Әскердей тұра қалды құралданған.
Көзінің аясындай Бурабайды,
Қандай жау алады деп күмәнданған.
Қоршаған көп таулардың сұсы басып,
Басылды аспан біраз ұшқын шашып.
Күрілдеп көкірегі тына қалды,
Біткендей Бурабаймен күш сынасып.
Күн шыға кешірім деп көлге келіп,
Айналып аспан тұрды дөңгеленіп.
Мен тұрдым көкке қарап, көлге қарап,
Кеудемді жаңбыр шайған желге беріп.
Құстардай қиқу салып шулап айдын,
Көрсетті көк жүзіне тулап айбын. .
Оятты жартастарын жағадағы,
Тебіскен толқындары Бурабайдың.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Оқжетпестің түбінде, Окжетпестин тубинде сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016